


Маска – Оңтүстік Кореяның MBC телеарнасында көрсетілетін әлемге әйгілі «King of mask singer» шоуының қазақстандық нұсқасы. Тележоба 2019 жылдың қаңтар айында америкалық Fox телеарнасында «Тhe masked singer» деген атпен эфирге шықты. Бұл шоу әлемнің 50-ден астам елінде, оның ішінде Мексика, Аустралия, Таиланд, Германия, Франция және т.б. мемлекеттерде көрсетіледі. 2020 жылы көршілес Ресейде тұсауы кесілді. Музыкалық жоба көрерменнің арасында тез танылып, жоғары рейтингке ие болды.
Вокалдық додада шоу-бизнестің 14 жұлдызы бақ сынайды. Олар: әншілер, актерлер, шоумендер, вайнерлер, жүргізушілер мен спортшылар. Ең қызығы, қатысушылардың тұлғасы құпия сақталады. Әр өнерпаз оларға арнайы тігілген ерекше костюмдер мен маскаларда өнер көрсетеді.
Ал көрерменге қазақстандық телевизияның ең сақтаулы сырын ашуға тура келеді. «Маска» шоуының қазақстандық нұсқасы 2021 жылы «Хабар» арнасынан эфирге шықты. Көрермен жаңа форматтағы шоуды ыстық ықыласпен қабылдады. Бірінші маусым өнер адамдарын жаңа қырынан танытып, жұлдызын жақты. Арқар маскасында өнер көрсеткен әнші, актер Ерден Жақсыбеков алғашқы маусымның жеңімпазы атанды.
Ерке Есмахан
Қайрат Әділгерей
Жанар Айжанова
Марат Оралғазин
Аю
Алмас Кишкенбаев
Дәуіт
Әбдіжаппар Әлқожа
Жарқанат
Жұлдыз
Қарлығаш Мұхамеджанова
Мысық
Қабдол Тілеков
Қарлығаш
Рухия Байдүкенова
Қасқыр
Нұржан Керменбаев
Қоян
Олжас Рымбаев
Үкі
Әтеш
Бәйшешек
Ақбота Нұр
Жолбарыс
Айжұлдыз Адайбекова
Кәмпит
Айжан Байзақова
Қоржын
Әбілмансұр Серіков